Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында топ жарды

Қазақ қыздары Азия үздігі атанды. Көркем гимнастика шеберлерінің бәсекесі Тайландттың Паттайя қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Ол доппен жаттығу жарысына қатысқан болатын. Бұған қоса, Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Олар сәйкесінше, булавамен және лентамен өнер көрсеткен еді. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Ал шымкенттік Елжана Тәниева лентамен жаттығуда алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.