Румыниялық универсал «Қайрат» футбол клубы сапынан кетті

Алматылық «Қайрат» АФК румыниялық универсал Савио Валадареспен келісімшартты үзгенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы мен Қазақстан чемпионы арасында еңбек келісімі аяқталған. Савио алматылық клубта 2020 жылдан бері ойнап, екі реттен Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогі мен Суперкубогін иеленген. 

Савио Валладарес Румыния құрамасы сапында 14 матч өткізіп, 7 гол соққан.