Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатымен қоштасты

Қазақстандық ватерполшылар Будапешттегі әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Қазақстан құрамасы Испаниядан 1:14 (0:4, 1:2, 0:7, 0:1) есебімен жеңіліп қалды.

Жартылай финалға берілер жолдамаға мына командалар таласады: Италия – Франция, АҚШ – Испания, Аустралия – Венгрия және Грекия – Нидерланды.