476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сурдлимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

  • 174
  • UPD: 10:33, 28.06.2022
Сурдлимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Спортымызға серпін әкелер нәтиже. Құзырлы министрлік өкілдері Сурдлимпиада ойындарындағы жетістікке осындай баға берді.

Елордада жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.

Айта кетейік, Бразилияда өткен байрақты бәсекеге 73 елден 4500 спортшы қатысты. Араларынан жерлестеріміз 28 мерте суырылып алға шығып, жеңіс тұғырынан табылды. Оның ішінде 3 алтын медаль бар. Бұған қолса ұлттық құрама спортшылары 7 күміс пен 18 қола жеңіп алды. Бұл саны жағынан отандық Сурдлимпиада тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кетейік, бізде олар Олимпиада және паралимпиада жеңімпаздарымен тең сыйақы алады. Яғни алтын үшін 250, күміс үшін 150, ал, қола үшін 75 мың АҚШ доллары қарастырылған. Жүлдегерлерге табысталатын сыйақының жалпы көлемі 4 миллиард теңгеден асты.

Хабар 24 телеарнасы