Қарағандыда БАҚ қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

БАҚ қызметкерлерінің спартакиадасы. Дәл осындай атаумен Қарағандыда арнайы спорттық жарыс өтті.

Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сала мамандары күрес, теннис, бильярд сынды бағыттар бойынша өзара мқытыны анықтады. Жарыс бағдарламасында футбол мен волейбол сияқты командалық жарыстар да бар. Нәтижесінде үстел теннисінен түркістандық Дәурен Тілеухан мен шымкенттік Нұрсәуле Көпбаеваға тең келер ешкім болмады. Бұл өңірдің өкілдері бильярд пен футболда да жоғары нәтиже көрсетті. Ал волейболдан Шымкент қаласының командасы жеңіске жетті. Соның арқасында жалпы есепте Түркістан бірінші, Шымкент екінші, ал Қарағанды құрамасы үшінші орын алды.

Айта кету керек, осындай форматтағы дода алғаш қолға алынып тұр және алдағы уақытта оны жыл сайын тұрақты өткізу жоспарланып отыр.