Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.

Сондай-ақ...