476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Екі жыл рингке шықпаған қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

  • 200
  • UPD: 22:18, 28.06.2022
Екі жыл рингке шықпаған қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді Prosports.kz.

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Әли Балоев (10-0, 7 КО) ресейлік промоушен аясында дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы ресейлік боксшы Расул Дибиров (6-3-1, 5 КО) болды.

Жекпе-жек бірінші раундтың 55-ші секундында Балоевтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Әли Балоев екі жылға жуық үзілістен кейін рингке оралды. Қазақстандық бұған дейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімімен беларусь Юрий Быховцевті (10-21-3, 5 КО) жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы