Ибрагимович «Миланмен» келісімшартқа қол қойды

Ибрагимович «Миланмен» келісімшартқа қол қойды
milanac.ru

La Repubblica басылымы Златан Ибрагимович пен «Милан» жаңа келісімшартқа қол қойды деп мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

40 жастағы шабуылшы әлі де «қызыл-қаралардың» сапында алты ай бойы ең төменгі жалақысы 100 мың еуромен ойнайды.

Айта кетейік, тараптар италиялық клуб Ибрагимович тізесіне опеарция жасап жатқанда артық төлем жасамас үшін осындай келісімшартқа отырған.

Ибрагимович өткен маусымда «Миланның» барлық турнирлерінде 27 ойынға қатысып, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.