loader

Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатынан 13 медаль ұтып әкелді

Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатынан 13 медаль ұтып әкелді

Қоржында 13 медаль. Оның 6-ауы алтын. Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионтынан осындай олжамен оралды.

Оларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы бәсеке Таиландтың Паттайя қаласында өтті. Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Ал шымкенттік Елжана Тәниева лентамен жаттығуда алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ...