Хоккейден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан Исландияны жеңді

Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы (U-18) алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші дивизионның F тобындағы екінші турда Қазақстан Исландия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. 

Қос шайбаны Шолпан Тоққожа (30-минут) мен Медина Кішекеева (59-шы) соқты.