Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда тай-брейкте Е.Рыбакина сәттірек ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Е.Рыбакина «Үлкен дулыға» жарысының ширек финалына шығу үшін рейтингте 80-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичпен таласады. Ол әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы ұтып кетті – 6:2, 7:6 (7:5).

Сондай-ақ...