476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда тұңғыш рет әлемдік Oceanman ашық суда жүзу жарысы өтті

  • 168
  • UPD: 12:51, 03.07.2022

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария және Түркиядан келген 1200-ге жуық қатысушы Қапшағай су қоймасында әртүрлі қашықтыққа жүзіп, екі күн бойы бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамы қолдау көрсетті. Ашық суда жүзу чемпионаты әлемде 2015 жылдан бері өткізіледі. Бұдан бұрын Италия, Малайзия, Мексика, Түркия, Ресей, Греция, Францияда өткен шараның франшизасын алу оңай болмады, – дейді ұйымдастырушылар. Дегенмен еліміздің сұлу табиғаты, қолайлы климаты мен спортсүйер жандардың арқасында шара жоғары деңгейде өтті. 

Әйгерім Оразалықызы, қатысушы:

– Бірінші рет қатысып тұрмын. Маған қатты ұнады. Басында кішкене қорқыныш болды. Бірақ балалрым үшін өз-өзімді ұстап, әрі қарай финишке жетуге тырыстым. Финишке жеттім, өте қуаныштымын. Осындай шаралар республикамызда көбірек ұйымдастырылса деймін.

Қатысушыларға 4 түрлі қашықтық ұсынылды. Ашық суда жүзуден 1,5 шақырымдық жарысқа 325 адам тіркелсе, 5 шақырымға құлаштап жүзу үшін 450 адам қатысты. Ал 10 шақырымды бағындыруға 225 адам бел буса, балалар 800 метр қашықтыққа жүзіп, бақ сынады.

Дана Тұрғынова, «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ менеджері:

– Туризмнің дамуына мұндай іс шаралардың тигізетін септігі зор. Елден бірқатар азамат келіп өз бақтарын сынаған деген сөз 12 мемлекенттің елі Қазақстан туралы білді деген сөз. Алдағы уақытта да дәл осындай шараларды жүргізіп, Қазақстанның туристік аймақтарын таныта беруге септігімізді тигізсек, соның өзі керемет істің бірі деп сенемін.

Екі күндік жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария және Түркиядан келген 1200-ге жуық әуесқой спортшы қатысты. Жүзден жүйрік шыққандарға естелік медальдар табыс етілді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы