Адесанья UFC 276 турнирінің басты жекпе-жегінде Канноньені жеңді

Лас-Вегаста T-Mobile аренада аралас жекпе-жектен UFC 276 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион Исраэль Адесанья мен белбеуге үміткер америкалық Джаред Канноньер кездеседі. Осы жекпе-жекте төрешілер шешімімен Жаңа Зеландия өкілі Израиль Адесанья жеңіске жетті (49-46, 49-46, 50-45).

Бұл – Адесаньяның ММА-дағы 23-жеңісі. Ол бір рет қана жеңілген, ал Канноньер 15 мәрте жеңіске жетіп, алтыншы рет жеңілді.