Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы – 2022» атанды

«Қазақстан Барыстары» елордада кездесті. Бүгінгі белдесуге 36 балуан шықты. Жалпы бұл 36 балуан 5 мыңға жуық споршының арасынан іріктелген. Олардың ішінде аты әйгілі Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. Сөйтіп бас жүлде Мақсат Исағабыловқа бұйырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 25 млн теңге, алтын белбеу және ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталды. Ал Нұрдәулет Жарылғаповқа екінші орын бұйырды. «Qazaq kuresi» қауымдастығының  атқарушы директоры Ерлан Естектің айтуынша, биылғы турнирдің бұрынғыдан өзгеше тұстары болғанын да айта кетейік.

Ерлан Естек, «Qazaq kuresi» қауымдастығының  атқарушы директоры:

- Биыл бүк ұпайын алып тастадық. Оның да өзіндік ерекшеліктер бар. Бұл енді, бүк болғаннан кейін балуандар жақсы әдіс-тәсілге көшпегеннен көрерменге қызықты, тартымды болмағаннан кейін алып тастадық.

Сондай-ақ...