«Астана» ФК топ басына шықты

Футболдан жоғарғы лига командалары арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр. 16-тур аясында 4 матч өтті.

Араларынан Астана-Мақтаарал кездесуін ерекше атап кетуге болады. Елордадағы ойын 4:0 есебмен аяқталды және алаң иелері сапындағы Марин Томасов хет-трик авторы атанды. Ол 3 голын да екінші таймда соқты. Бұған қоса матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда Сұлтан Сағынаев мергендігімен көзге түсті. Осылайша «Астана» кезекті 3 ұпайына қол жеткізді. Бұған қоса кезекті тур аясында Қайрат өз алаңында Ақжайықты қабылдап, 2:0 есебімен ұтты. Бұнда да қос легионер Хосе Канте мен Жоао Пауло мүмкіндігін мүлт жібермей, ойын тағдырын шешті.  Ал Ақсу Қызылжардан басым түссе, Атырау мен Тараз матчында гол соғылмады. Осылайша кезекті тур қорытындысы бойынша 27 ұпаймен Астана көш бастады.

Үздік үштікті Ақтөбе мен Тобыл түйіндеді және айта кету керек, араларынан бірер ұпай ғана бөліп тұр. Ал алматылық «Қайрат» соңғы жеңісінің арқасында 6-сатыға көтерілді.