loader

WBА: қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды Prosports.kz

WBА: қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

Аса ауыр салмақ өкілі Иван Дычко (12-0, 11 KO) мен өзге де қазақстандық боксшылардың Бүкіләлемдік бокс қауымдастығындағы (WBА) рейтингі жарияланды, деп жазады qazaqsporty.kz.

Кевин Эспиндоланы жеңген Дычко аса ауыр салмақтағы үздік 15 боксшының қатарына еніп, 15-орында тұр. Тағы бір жерлесіміз Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) осы салмақ дәрежесінде 8-орынға жайғасқан.

Екінші орта салмақта (76,2 кг) Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) жағдайын жақсартып, 12-орыннан 11-орынға көтерілді. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) бұл салмақта көш басында келеді.

Екінші жартылай жеңіл салмақта (59 кг) Сұлтан Зауырбек (13-0, 9 КО) 9-сатыдан 10-сатыға төмендеген.

Екінші жеңіл салмақтағы Евгений Павлов (6-0, 4 КО) 6-орынға жайғасқан.

Сондай-ақ...