Әлемде мұнай тапшы

Жаһандық мұнай-газ саласы қазір қиын кезеңді өткеріп жатыр.

Оған ұзақ жылдар бойы инвестицияның аз құйылуы себеп. ОПЕК басшысы осылай деп отыр.

Айтуынша, бұл жағдайға қара алтынның ірі өндірушілері - Иран мен Венесуэлаға салынған санкциялар әсер еткен. Ол аздай Украинадағы шиеленіске байланысты Ресейге қарсы қолданылған шектеу шаралары ахуалды тіптен ушықтырып жібергенін де айтты. Оның үстіне жаһандық жылынумен күрес ретінде бірқатар елдер көмірсутекке тәуелділігін азайтуға тырысып жатыр. ОПЕК басшысы бұл жайт та салаға кері әсер етіп отырғанын айтады.    

Мохаммед Баркиндо, OPEC Бас хатшысы:

- Мұнай-газ саласында қиындықтардың туындауына ең алдымен әлемдегі геосаяси ахуал әсер етті. Коронавирус пандемиясы да кесірін тигізбей қоймады. Мұның үстіне қазір көп елде инфляция өршіп тұр. Иран мен Венесуэла нарыққа қайта оралғанда жағдай біршама жеңілдеп қалар еді.

Сондай-ақ...