Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. 

Қазақстан тарихында еш теннисші Үлкен Дулыға сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шығып көрмеген. 

Осылайша финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі. 

Айта кетейік, Симона Халеп 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын.

Сондай-ақ...