Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды

Футзалдан қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылық «Қайрат» А тобына түсті. Қарсыластары франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка». Қазақстандық команда аталған турнирге 19-мәрте қатысады. Ел біріншілігінің күміс жүлдегері рудныйлық «Аят» В тобында хорватиялық «Ново Время» және «Пула», португалиялық «Спортингпен» кездеседі. Әрбір топтан үздік үштікке енген командалар жарыстың элиталық сатысына жолдама алады. Турнирдің негізгі сатысының ойындары биылғы жылдың 25-30 қазан аралығында өткізіледі.