С.Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарынан алтын жеңіп алды

Әлемдік аренада көк байрағымыз желбіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Софья Берульцева Бүкіләлемдік каратэ ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ақтық мәреде Берульцева испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсті.

Айта кету керек, дүбірлі дода Бирмингемде өтті. Онда 96 спортшы бақ сынасты.