Каратэші Дархан Асаділов Дүниежүзілік ойындарда медальсіз қалды

АҚШ-тың Бирмингем қаласында (Алабама штаты) өтіп жатқан XI Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының алғашқы спортшылары өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, көшбасшы спортшыларымыздың бірі Дархан Асаділов медальге қол жеткізе алмады. 67 келі салмақта сынға түскен каратешіміз алғашқы айқасында алжирлік қарсыласын 5:2 есебімен жеңгенімен, екінші кездесуінде итальян спортшысымен тең түсіп, соңғы жекпе-жегінде дода қожайынынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Сонымен қатар, садақ атудан сынға түскен Сергей Христич те додамен ерте қоштасты. 50 м+50 м бағдарламасынжа жерлесіміз 21-орынды қанағат қылды.

prosports.kz