Теннисші Заңғар Нұрланұлы Париждегі турнирде финалист атанды

Франциядан тағы бір жақсы жаңалық. Түркістандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Ролан Гаррос корттарында французды жеңіп, Еуропа чемпионатының финалына шықты. Мәртебелі жарысқа әлемнің 30 елінен 160-тан астам ойыншы қатысты. Ел намысын тағы 5 спортшы қорғады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Бұл турнирдің ерекшелігі – мұндағы бәсекелер атақты Roland Garros корттарында өтеді. Кезінде мұнда әр жылдары Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис, Стефанос Циципас сияқты танымал спортшылар жеңімпаз атанған.