Анна Данилина Германиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Анна Данилина Германиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында Германияда өткен ITF W100 жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина нидерландтық Арианне Хортономен бірге жүлде қоры 100 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткалары ретінде тіркелді. А.Данилина мен А.Хортоно финалда үндістандық Анкита Райна – нидерландтық Ван Дер Хукпен бас жүлде үшін кортқа шықты. Қазақстандық-нидерландтық жұп тартысты бәсекеде 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Анна жұптық сында 27-інші, биылғы маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді. Соның 26-сына Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген додаларда ие болды. Оған қоса жыл басында Анна бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA 250 жарысында үздік шықты.