Головкин әлемдегі үздік елу боксшы тізімінде 15-орынға ілікті

Головкин әлемдегі үздік 15 боксшы қатарында. Танымал World Boxing News басылымы ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады.

Бұл салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтинг. Жаңартылан нұсқада алдыңғы үштік өзгермеді. Яғни топ басында украиналық Александр Усик тұр. Екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ болса, одан кейін мексикалық Сауль Альварес орналасты. Ал қазақстанық Геннадий Головкин 105-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бірер айдан кейін Головкин мен Альварес үшінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында болады. Қазірдің өзінде бокс кешінің билеттері сатылымға шығарылды. Бұған қоса қос боксшы бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп үлгірді.