Елена Рыбакина БАҚ өкілдерімен кездесті

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен  кейін отандық БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің бірінші ракеткасы спорттық мансабын жасарда не үшін Қазақстанды таңдағанын да айтып берді.

Елена Рыбакина,  «Уимблдон – 2022» турнирінің жеңімпазы:

- Осыдан бес жыл бұрын мені «әрі қарай не істеу керек?» деген сұрақ мазалады. Ол кезде жасым 17-18-дерде болатын. Алдымда екі таңдау болды. Бірі осы спорттың түрін жалғастыру немесе білімімді жетілдіру. Сол кездері мен  өзімді жасөспірімдер турнирінде жақсы қырымнан көрсетіп жүрдім. Нәтижесінде маған Америкада білім алуға ұсыныс түсті. Дегенмен спортты таңдадым. Осылайша Қазақстан тарапынан түскен ұсынысқа қуана келістім. Бәрі сәтімен жалғасын тауып, осындай үлкен жетістікке бастама болды.