Қанат Ислам кезекті кездесуіне дайындыққа кірісті

Қанат Ислам келесі кездесуін қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орта салмақтағы жерлесімізге Колумбия, Мексика немесе АҚШ-та кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен. Бұл жөнінде отандық спорт порталдары жариялады. Дереккөзге сәйкес, Қанат қазір АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығып жатыр. Ол бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында шеберлік шыңдауға кіріскен. Орта салмақтағы былғары қолғап шебері соңғы рет ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешіне қатысқан еді. Қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли болды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен кейінгісі жеңіске жетті. Бұл – Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі. Қазақстандық боксшы бүгінге дейін бас-аяғы 29 жекпе-жек өткізіп, 28-інде жеңіске жетті. Оның 22-сі уақытынан бұрын аяқталды.