Шымкентте оқушылар арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр

17 команда бақ сынайтын жарыс бірнеше кезеңнен тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен жеткіншектер оқу мұнарасына құтқару сатысының көмегімен жылдам көтерілуден сайысқа түсті. Әр топ мүшесі өзі оқитын мектеп үйірмесінде шыныққан. Басым көпшілігі келешекте осы салаға келіп, құтқарушы болуды армандайды. Ел чемпионаты 1 аптаға созылады

Ислам Қуанай, чемпионатқа қатысушы:

Бізді Көкшетауға апаруы мүмкін. Менің ағам сол жақта оқыды. Мен сияқты кішкентай кезінен жаттығуға қатысып жүрді. Соның арқасында ол қазір Қазақстан құрамасына түсіп, Белоруссияда оқып жүр.