Украиналық қорғаушы Евгений Чаговец «Ордабасыдан» кетті

Украиналық қорғаушы Евгений Чаговец «Ордабасыдан» кетті
Проспорт кз

«Ордабасының» 24 жастағы легионері клубта 5 айға жуық өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Футболшы шымкенттік клубқа осы жылдың наурыз айында қосылған еді. Содан бері «Ордабасы» сапында 5 кездесу өткізіп, 1 сары қағаз және 1 қызыл қағаз алды.

«Ордабасы» күні кеше қазақстандық жартылай қорғаушылар Акмаль Бахтияров және Максим Фединмен, сондай-ақ өзбекстандық футболшы Шобхоз Умаровпен келісімшартқа отырды.