А.Бублик Уимблдонның бұрынғы чемпионын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан ATP-250 турнирінде Уимблдонның екі дүркін чемпионы Энди Маррейден басым түсті.

Ширек финалда отандық теннисші шотландиялық қарсыласын 7:5, 6:4 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 46 минутқа жалғасты. Енді жартылай финалда Александр Бублик австралиялық Джэйсон Кублермен кездеседі.