Алматы шорт-тректен әлем кубогінің кезеңін қабылдайды

ISU шорт-тректен және конькимен жүгіру спортынан биылғы маусымдағы әлем кубогі жарыстарының күнтізбесін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Биыл Алматы әлем Кубогінің екі бірдей кезеңін қабылдайды. Жарыстар 9-11 желтоқсан және 16-18 желтоқсан күндері өтеді. Бұған дейін әлем кубогі Алматыда 2018 жылы өткен еді.