«TARTYL FEST-2022»: Алматыда турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр

«TARTYL FEST-2022»: Алматыда турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр
ҚазАқпарат

«TARTYL FEST – 2022» фестивалі еліміздің барлық өңірінде 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысты ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры мен Алматы әкімдігі өткізіп отыр. Әкімдіктің мәліметінше, қазір Алматыда 500-ден астам әуесқой спортшы тіркелген. Қатысушылар салмағы мен жасына қарай 9 санат бойынша өнер көрсетуде. Жеңімпаздар кешке фестиваль аяқталған соң анықталады.

Еске салсақ, бұған дейін фестиваль Қонаев қаласында басталып, Талдықорғанда жалғасқан болатын. Қазақстанның 20 қаласында ұйымдастырылатын турнир жеңімпаздары 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға қатысады. Әр қаладағы жүлде қоры: 1-орын – 200 000 теңге; 2-орын – 100 000 теңге; 3-орын – 50 000 теңге. Гранд-финалдың жүлде қоры: 1-орын – 3 миллион теңге; 2-орын – 2 миллион теңге; 3-орын-1 миллион теңге. Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.