Қапшағай су айдынында желкенді қайықтар жарысты 

Қапшағай су айдынында желкенді қайықтар жарысынан ел кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қарағанды, Түркістан, Жетісу мен Алматы облыстарынан 50-ден астам спортшы қатысуда. Толқын мен желді ырқына көндіре алатындар ғана бұл спорт түрінде жоғары нәтиже көрсетеді. Спортшылар арасында жасөспірім қыздар да бар. Жалпы желкенді қайықпен жарысу елімізде 1980 жылдан бері дамып келеді. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 65 спортшы, 3 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олар Еуропа мен Азия чемпионаттарында үздік атанып жүр. Ел кубогі 22 шілдеде аяқталып, жеңімпаздар белгілі болады.

Айта кетейік желкенді қайық спортының дамуы Қонаевта туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.