Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді Ташкентте жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.  

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша ол 309 (136+173) келіні бағындырды.

Сонымен қатар Едіге жұлқа көтеруде де, қоссайыс қорытындысында да Азия біріншілігінде жасөспірімдердің рекордын жаңартты.