loader

Ауыр атлетика: қоржынға тағы үш медаль түсті

Ауыр атлетика: қоржынға тағы үш медаль түсті

Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетика біріншілігінде Қазақстан спортшылар тағы 3 медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 қола және 1 күміс. 61 келіге дейінгілер сынында ел намысын Азамат Төлеген қорғады. Ол қолаға қол жеткізді. Одан бөлек серпе көтерудегі көрсеткіші күміс жүлдеге лайық деп танылды. Оның командаласы Дарья Балабаюк жасөспірімдер сынында үздік үштіктен көрінді. Жалпы Өзбекстандағы Азия чемпионатына 21 мемлекеттен 300-дей спортшы қатысып жатыр.

Азамат Төлеген Азия чемпионатының қола жүлдегері:

– Бірінші жаттығу қиынырақ болды. Алтыншы орынға түсіп қалдық. Екінші жаттығуда барымызды салып, қола медальға, сосын екінші орынға қолжеткіздік. Шүкір. Осы жарыс жақсы болды. Енді алдағы жарыстарда алтын жүлде алу. Көк туымызды желбірету.

Дарья Балабаюк, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

Серпе көтеруде медаль жеңіп алдық. Алғашқы жаттығуым сәтсіз аяқталды. Қателіктер жасап қойдым. Дегенмен әлі шынығатын боламыз. Келесі жарыста алтын аламын деген үмітім бар.

Мендіхан Тәпсірұлы, ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы:

– Бүгін тағы 2 спортшымыз шықты. Әзірге жаман емес. Жоспарларын орындады. Бұл жарыс бізге не береді. Дебютанттарға тәжірибе жинауғажақсы. Одан әрі Азия және әлем чемпионаттарына бұл керек болады.

Сондай-ақ...