«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Аркадий Шестаковпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екіжақты келісім екі жылға (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) есептелген.

Форвард 2019 жылдан бері «Барыс» жүйесіндегі командаларда ойнап келеді.

Өткен маусымда Аркадий ҚХЛ-да 42 ойын өткізіп (оның ішінде 5-і плей-офф кезеңінде) 8 (4+4) ұпай жинады. Элиталық дивизиондағы соңғы әлем чемпионатында Шестаков 7 кездесуде 2 (1+1) ұпай жинады.