476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Таритха алғашқы алтын: қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында топ жарды

  • 172
  • UPD: 09:45, 21.07.2022
Таритха алғашқы алтын: қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында топ жарды Reuters©

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Дүбірлі дода АҚШ-та өтіп жатыр. 26 жастағы Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіруде алдына жан салмай, бұл қашықтықты 8:53.02 уақыт көрсеткішімен бағындырды. Осылайша ол әлем чемпионатының рекордын орнатты.

Нора Джеруто Кенияда туып, 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2022 жылы ол Қазақстан атынан әлем чемпионаттарына қатысуға ресми түрде рұқсат алды. 

Хабар 24 телеарнасы