Мұны Бибісараның өзі жазбаған – 3 млрд теңгенің дауы жалғасты

3 миллиард теңгеге қатысты дау жалғасын тапты. Бұл жолы Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері тілшілермен кездесіп, Бибісара Асаубаеваның жазбасына қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетейік, бірер апта бұрын жас спортшы шахматқа 3 млрд теңге бөлудің қажеті жоқ. Бұл ақша еліміздің басқа қажеттілігіне жұмсалсын деген болатын. Бұған қоса чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысады. Мен үшін бұл-өте ұят жағдай деп мәлімдеді. Ал Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов  болса, бұл  жазбаны Бибісараның өзі емес, анасы жазған болуы мүмкін дейді. Яғни Бибісараның анасы тарапынан қызғаныш болуы мүмкін екенін алға тартады. Бұған қоса қаржы бөлінетін болса, ол министрлік және әкімдік арқылы шахмат секциялары мен үйірмелерін ашуға, спортшыларды қаржыландыруға жұмсалатынын жеткізді.

Дәрмен Садуақасов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

- Жанжал неден туды? "Қыздарды Президентке ақша сұрау үшін апарған" деген мәлімдеме тарады. Бірақ біз сіздерге даму тұжырымдамасын көрсеттік, бұл Мемлекет басшысына ұсынған құжат. Онда ақша туралы ештеңе жоқ, ешқандай сома айтылмаған. Біз шахматты дамытудың тұжырымдамасы мен тәсілдері туралы ғана айттық. Бұл жазбаны Бибісараның өзі емес, анасы жазған болуы мүмкін. Бұл біздің ұстанымымыз. Мүмкін олай емес шығар.