Азия чемпионатының жүлдегерлері марапатталды – таэквондо

Таэквондодан Қазақстанның ұлттық құрамасы Кореяда өткен Азия чемпионатында 1 күміс, 7 қола медаль олжалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматыда федерация басшылары жеңімпаз спортшыларды марапаттап, ақшалай сыйақы табыстады.

Айта кетейік, маусым айының 24-і мен 27-сі аралығында Кореяның Чхунчхон қаласында өткен додада қазақ елінің намысын 14 таэквондошы қорғаған болатын. Жаттықтырушылар құрама мүшелерінің Азия чемпионатында лайықты деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті. Алдағы меже – Түркия елінде өтетін Ислам ойындары.

Қайрат Дүйсенов, ҚР таэквондо федерациясының вице-президенті:

– Корея елінде өткен жарыс нәтижесіне көңіліміз толды. Алтын алатын да мүмкіндік болды. Алайда төрешілер тарапынан кедергілер болды. Енді Түркияның Конья қаласында өтетін Ислам ойындарында спортшыларымыз бар күшін салады. Алтын аламыз деген үміттемін. 

Смайыл Дүйсебай, таэквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны:

– Жарыс деңгейі Кореяда өте жоғары өтті. Корея өзі негізін қалаушысы болғаннан кейін таэквондоның өте жоғары деңгейде өткізеді. Жалпы Азия елдері таэквондода мықты және әлем бойынша топ елдердің бірі Қытай, Иран сияқты. Сондықтан солармен жарысқа шығу біз үшін де жақсы болды.