«Тұран» сапына Беларусь ойыншысы қосылды – футбол

«Тұран» футбол клубы Беларусь ойыншысы Артем Гуренкомен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Артем биылғы маусымды Беларусьтің «Белшина» командасында бастаған. Бұған дейін Литваның «Ретеряй» мен «Судува», Беларусьтің «Слуцк», «Динамо Минск», «Витебск» және «Ислочь» командаларында ойнаған.

Еуропа лигасында 9 матч өткізіп, 2 нәтижелі пастың авторы атанған. Мансабында 22 голдың авторы атанып, 14 нәтижелі пас берді.