Азия чемпионаты: ауыр атлетикадан спортшылар үздіктер қатарында 

Азия чемпионаты: ауыр атлетикадан спортшылар үздіктер қатарында 

Қоржында тағы 5 медаль. Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың соңғы күндері жерлестеріміз бірінен соң бірі жеңіс тұғырына көтерілді. Мәселен, ерлер арасында ауыр салмақтағы Никита Абдрахманов қоссайыс қорытындысы бойынша 354 келіні бағындырып, күміс жүлдегер атанды. Дәл осындай жетістікке қыздар арасында Динара Қыпшақбай қол жеткізді. Ауыр салмақта сынға түскен қазақ қызы екі жаттығуда 200 келіні көтерді. Бұған қоса, ауыр салмақтардағы Егор Шерер мен Клим Башаргин және аса ауыр салмақтағы Санжар Жолтай қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Ташкенттегі жарыс 17 шілдеде басталды. Содан бері күнделікті қазақстандық спортшылар топ жарып жүр. Әсіресе Едіге Емберді , Әлішер Байбұров және Денис Полубояриновтар қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқысы, тіпті, Азия рекордын жаңартты.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ

«Астананың» жолы болар емес. Журыда ғана польшалық «Ракувтан» ірі есеппен жеңілген елордалық клуб бұл жолы түркістандық «Тұранға» есе жібере жаздады. Қос команда Қазақстан кубогі аясында Түркістанда жолыққан болатын. Есепті алаң иелері ашты. Екінші кезең басында Бекзат Қабылан мергендігімен көзге түсті және бұл нәтиже 65-ші минтуқа дейін сақталды. «Астана» сапындағы Абата Аймбетов қана есепті теңестірудің орайын тапты. Қорытынды есеп 1:1. Осылайша 3 турдан кейін «Астана» өз тобының бірінші сатысында тұр. Бірақ, одан кейінгі Шахтер мен Тұранда 1 ұпай ғана кем. Яғни, елордалық клубты басып озуға мүмкіндіктері бар. Бұған қоса қостанайлық «Тобыл» да күтпеген жерден Мақталардан жеңілді. Қостанайда өткен матч 1:1 есебмен аяқталды. Нәтижесінде, «Тобыл» өз тобының 3-сатысына төмендеді. Ал алматылық «Қайрат» керісінше, 3 матчта 3 рет жеңіске жетіп, басқа командалардан оқ бойы озып шықты. Соңғы рет ол өз алаңында «Ақсу» командасын қабылдап, 3:2 есебмен жеңіске жетті.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ 9-ОРЫНДА 

«Астана» шабандозы 9-орында. Францияның таулы-қыратты аумақтарындағы велокөпкүндік мәресіне жетті. Жарыстың соңғы, яғни, 21-кезеңі 116 шақырымға созылды. Бұл аралықты бірінші боп бельгиялық Яспер Филипсен бағындырды. Ал «Астана» үздігі Алексей Луценко мәре сызығын 17-ші болып кесті. Қалған шабанжоздардың көрсеткіші, тіптен, төмен. Соның арқасында Алексей жалпы есепте 9-орынға жайғасты. Ал «Астана» командалық есепте 10-шы тұр. Биылғы Тур де франстың бас жүлдесі даниялық Йонас Вингегорға бұйырды.

Айта кету керек, осы жолғы жарыста аптап ыстық болып, спортшылар біраз кедергіге тап болды. Бұған қоса, короновирусқа байланысты бас-аяғы 17 шабандоз бәсекеден шығып қалды. Оның ішінде «Астана» өкілдері де бар. Жарыстың өзі шілденің 1-інде басталды және осы аралықта қатысушылары 3350 шақырымды бағындырды.