loader

Қазақстандық қос теннисші әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстандық қос теннисші әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіні мойындатты. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 41-ге төмендеді. Президент кубогінің финалына шығуы нәтижесінде Денис Евсеев 341-ден бірден 269-орынға көтерілді. Осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда. Сөйтіп екеуі де жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Дмитрий Попко 179-ыншы, Михаил Кукушкин 207-інші, Тимофей Скатов 216-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 43, Александр Недовесов 61-сатыда тұр. Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге түсті. Зарина Дияс – 245, Жібек Құламбаева – 488 (+21), Гөзал Айнитдинова – 561. Жұптық сында Анна Данилина 23-орында келеді.

Сондай-ақ...