Кәсіби боксшы спаррингтен соң көз жұмды

Нигериялық боксшы Мирекл Амаезе спаррингтен соң көз жұмды, деп хабарлайды Sport-express.ru.

Fight Gist өзің Twitter-дегі парақшасында айқастың видеосын жариялады.

Дереккөз мәліметінше, боксшы жекпе-жектен соң есінен танып қалған. Амаезеге медициналық көмек көрсетіліп, артынша ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.  

18 жастағы нигериялық жартылай ауыр салмақтың болашақ жұлдыздарының бірінен саналатын.

Кәсіби бокста Амаезе екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.