Рыбакина кордқа қайта оралды

Қысқа үзілістен кейін жерлесіміз қайтадан жаттығу жұмыстарына кірісті.

Қазір ол Швейцарияда жарыс алдындағы дайындықты пысықтауда және күні кеше испаниялық Гарбинье Мугурусамен жолықты. Айта кетеу керек, Гарбинье бір жылдары әлемнің ең үздік ракеткасы болды. Ал, қазақстандық Елена Рыбакина енді тамыздың басында АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысады. Одан кейін Канададағы айтулы алман күтіп тұр. Тұра бір айдан тағы бір жылдың басты бәсекесі болады. АҚШ төрінде Үлкен Дулыға сериясының төртінші кезеңі ұйымдастырылады. Қазақстандық теннисші осы турнирде Лондондағы жетістігін қайталауға тырысады. Айта кетейік, Елена Рыбакина өз кәсіпқой мансабында бірінші рет және жалпы қазақстандық теннисшілер арасында алғаш боп Уиболдан турнирінде жеңіске жетті.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН 22-ОРЫНДА

Қазақстан 22-ші орында. АҚШ төрінде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталып, жарыстың жалпы қорытындысы шықты. Оған сәйкес, топ басына Эфиопия жайғасты. Оның еншісінде 4 алтын, 4 күміс және 2 қола бар. Үздік үштікке кірген Ямайка мен Кения спортшылары да 10 медальдан еншіледі. Бірақ, алтын мен күміс медальдары салыстырмалы түрде аз. Ал, Қазақстан құрамасы 1 алтын жүлдемен 22-орынға жайғасты. Оны 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто жеңіп алды. Тіпті, ол финалда әлем рекордын жаңартты. Басқа спортшыларымыз жүлдеге іліккен жоқ. Нора осы жеңісі үшін 40 миллион теңге сыйақы алады. Айта кетейік,кениялық қызға 2017 жылы Қазақстан азаматтығы берілді. Ал, 2022 жылдан бастап ресми түрде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. 

АНТИРЕКОРД ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН 

Антитрекорд қайталануы мүмкін. Вести. Кз порталы қазақстандық клубтардың ойындарын саралап, осындай тоқтамға келді. Өйткені еурокубокта өнер көрснтіп жатқан 4 командамыздың да нәтижесі көңіл көншітпейді. Ел үздігі «Тобыл» чемпиондар лигасының іріктеуінде венгриялық "Ференцварош»-қа есе жіберді. Ал, конференциялар лигасында гибралтарлық «Линкольн Ред Импс»-ті ұтты. Осы жеңіс жалпы рейтингте Қазақстан Жоғарғы Лигасына 1,5 ұпай берді. Енді қарымта матч бар. Қалған  командалар қарсыласына есе жіберді. «Астана» польшалық "Ракув»-тан 5:0 есебмен ұтылса, «Қызылжар» мен «Қайрат» өз алаңында, сәйкесінше, хорватиялық және венгриялық командалардан жеңілді.  Егер осы қарқында жалғаса берсе Қазақстан коэфиценттер тізімінде 4250 ұпайын жоғалтады. Қазір жалпы тізімде 31-ші тұрса, алдағы уқаытта 35-сатыға сырғуы мүмкін. Бұл  9 жыл бұрынғы антирекорд қайталануы мүмкін дегенді білдіреді.