Париж олимпиадасының ұраны бекітілді

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ұраны «Ойындарды кеңінен ашайық» (Ouvrons grand les jeux) болып бекітілді.

Бұл туралы жарысты ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ұран 2024 жылдың Паралимпиада ойындарында да қолданылады.

Осылайша ұйымдастырушылар аламанға неғұрлым көп адамды тартуды көздеп отыр.

Париждегі Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада уақыты 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығына бекітілген.