Грек-рим күресі: қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Италияда 17 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші медальге ие болды. 

60 келіге дейінгі санатта Юсуф Ашрапов үздік үштіктің қатарына енді. Қола жүлде үшін таласта ол ирандық балуан Абольфази Миршакардан 11:10 есебімен басым түсті.

Бұл еліміздің осы әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Арсен Жұма да қола жеңіп алған болатын.