354 млн теңге: Никита Михайлистің «Барыстағы» жалақысы белгілі болды

«Барыс» көшбасшысы Никита Михайлистің жылдық жалақысы анықталды.

«Хоккейная Правда» телеграм-арнасының мәліметінше, Михайлис 354 млн 150 мың теңге алады, оған бонус жүйесін тағы қосыңыз.

Шабуылшымен біржақты келісім бір маусымға, яғни 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Жалпы Құрлықтық хоккей лигасында Никита 353 матч өткізіп, 180 (84+96) ұпай жинаған.

Өткен маусым хоккейші үшін сәтті өтті: 44 (18+26) ұпай жинап, сұрмерген атағы бұйырды, одан қалды ҚХЛ қорытындысы бойынша елорда клубының үздігі атанды.