Дарын Әскербек әлем чемпионы атанды – еркін күрес

Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италия астанасы Римде өтіп жатқан дүбірлі додада отандасымыз Дарын Әскербек 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Спортшы алдымен Өзбекстан өкілі Хусанбой Усмонов пен армениялық Арен Серобянды жеңді. Жартылай финалда германиялық Яннис Ребгольцтан айласын асырып, финалда америкалық балуан Джексен Патрик Форрестпен кездесті. Қос мықтының арасындағы белдесуде отандасымыз 11:10 есебімен жеңіске жетті.