Польшадағы көпкүндікте «Астана» велошабандозы 16-орын алды

«Астана» шабандозы 16-орында. Польшаның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті, яғни 3-кезеңінде спортшылар 238 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде колумбиялық Игита Серхио топ жарды. Ол аталған аралықты 5 сағат 25 минуттта жүріп өтті. Ал қазақстандық клуб сапынан ең тәуір нәтижеге Самуэле Баттистелла қол жеткізді. Ол мәре сызығын 16-шы болып кесті. Ал жалпы есепте Баттистелла 19-шы болып тұр. Айта кету керек, Польша туры халықаралық велоспорт федерациясының ресми жарыстар күнтізбесіне кіреді. Жылдағы дәстүр бойынша ол 7 кезеңге созылады. Осы аралықта қатысушылар 1200 шақырымды жүріп өтулері керек. Биылғы бәсекенің жалпы қорытындысы 6 тамызда белгілі болады.