Елена Рыбакина Сан-Хосе турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Сан-Хосе WTA-500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Бұл қазақстандық теннисшінің Уимблдон чемпионы атанғаннан кейінгі алғашқы матчы еді. Оның қарсыласы әлемнің 12-ші, осы жарыстың 7-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткина да осал емес. Осыған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Рыбакина матчты сәтті бастап, екі брейкпен бірінші партияны алды – 6:1. Алайда екінші сетте Касаткина 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Касаткина 6:0 есебімен басым түсті.