476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Словениямен ойнайды – теннис

  • 178
  • UPD: 22:36, 04.08.2022
ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Словениямен ойнайды – теннис

Чехияда 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық жасөспірімдер Словения құрамасымен ойнайды.

Словениямен матч 4 тамыз күні елорда уақыты бойынша шамамен 14:00-де басталады. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квактың айтуынша, қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионаты барысында табысты өнер көрсетіп келеді.
«Мен өз шәкірттеріммен мақтанамын. Эквадормен ойын әлем чемпионатындағы алғашқы матч болғандықтан, қазақстандық жасөспірімдер толқуды бастан кешіріп, есе жіберіп алды. Содан кейін Аргентина мен Италия сияқты аса мықты командаларды ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл – тарихи жеңіс», – деді Квак.

Хабар 24 телеарнасы